• 08.12.2024

LITTLE BLACK DRESS. ӘЙГІЛІ LBD АЯСЫНДАҒЫ 100 ЖЫЛДЫҚ СӘН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Авторkaznai

Фев 26, 2024

Шағын қара көйлек – сән тарихындағы басты культтердің бірі, кез келген әйел гардеробының даусыз міндетті бөлігі болудың және бостандық пен консерватизм, феминизм мен нәзіктік, классика мен новаторлық, жан-жақтылық пен бірегейлік, қарапайымдылық мен сән-салтанат сияқты қарама-қайшы ұғымдардың символы. Шағын қара көйлек атақты сән үйлері мен жаңадан шыққан дизайнерлер топтамаларына әр маусым сайын енгізіліп, ағымдағы уақыт рухы мен болашақ сән бағытын жорамалдау құралы ретінде жаңа қырынан танылып, жаңаша өмір сүре бастайды.  Дәріс барысында біз LBD (Little Black Dress) жасаудың және оның тұрақты өзектілігінің құпиясын ашуға, сондай-ақ шағын қара көйлек призмасы арқылы 100-жылдық сән тарихын қарастыруға тырысамыз.

Дәріс беруші: Темірбек Жұргенов атындағы ҚазҰӨА «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті Ибраева Айгүл Бақытқызы.

Өткізу жері: Темірбек Жұргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.

Күні: 28 ақпан 2024

Уақыты: 14.00

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия