• 03.11.2024

«Мәдени құндылықтар мен әлемдік тенденциялар трансформациясы дәуіріндегі Қазақстан сценографиясы»

Авторkaznai

Ноя 10, 2023

2023 жылдың 09 қарашасында сағат 11:00-де,

«Мәдени құндылықтар мен әлемдік тенденциялар трансформациясы дәуіріндегі Қазақстан сценографиясы» тақырыбында ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ өтті

2023 жылдың 09 қарашасында сағат 11:00-де, кітапхана залында

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Сценография кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері, сценография кафедрасының доценті Тұяқов Есенгелді Жұмағұлұлының 75 жылдығына арналған  «Мәдени құндылықтар мен әлемдік тенденциялар трансформациясы дәуіріндегі Қазақстан сценографиясы» тақырыбында қоғам қайраткерлерінің, театр мамандары, сценография зерттеушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде: Мерейтой иесі Е.Ж. Туяқов жайлы деректі фильм көрсетіліп, өнертану докторы, профессор С.К Қаржаубаева дарынды сценографтың шығармашылығы мен жетістіктеріне арналған баяндама жасады. Белгілі әдебиеттанушы, Халықаралық “Алаш” әдеби және Ұлттық “Сахнагер” сыйлықтарының лауреаты Бөпежанова Ә.Қ. театр суретшісі Есенгелді Тұяқовтың Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрына келген жас маман кезінен бастап, кәсіби тың шығармашылық белестеріне тоқталды. Академия профессоры А.Б. Құлбаев мерейтой иесін 75 жылдық тойымен құттықтап, өнер академиясындағы Д.Т. Сүлеев ашқан «Сценография» кафедарасында қызмет істеп, кәсіби мамандар дайындаудағы белестерімен таныстырды. Театртанушы С.Д. Қабдиева дөңгелек үстелге қатысушыларға бүгінгі Қазақстан сценографиясының даму тенденциялары, заман талабына сай театр суретшілерінің бүгінгі қадамдарына талдаулар жасалды. Мультимедияның сценографиядағы рөлін атап көрсетіп, оны қолданудың кәсіби режиссура критерийлерімен үндестігін ескеруге шақырды.

Театр жарық суретшісі мен қойылым бөлімі меңгерушілерін дайындау және т.б. мәселелер талқыланып, қоғам қайраткерлері, театр режиссерлері Ә.С. Рахимов, М.Әуезов театры бас суретшісі М.Сапаровтардың пікірлері сутеденттерге бағытталды. Ж.Баймуханова өзінің магистрлік диссертация зерттеулерінен Е.Тяқов туралы шығармашылық жұмыстарының архивтерде сақталған деректерін баяндап, экранда көрсетті. Дөңгелек үстел барысында театр сценография зерттеушілері және Академия түлектері арасында жемісті пікірталастар жүргізіліп, отандық сценографияның даму перспективалары туралы маңызды мәселелер қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия