2025 жылғы 3 қыркүйекте Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында ғылыми кадрларды даярлау бөлімі жаңа оқу жылында қабылданған магистранттарға ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында магистранттардың білім беру бағдарламалары негізінде оқу үдерісінің мақсат-міндеттері айқындалып, оның келешектегі бағыттары таныстырылды.
Іс-шараға Академияның Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің жетекшісі Кульшанова Арман Айыпбекқызы қатысып, баяндама жасады. Баяндамашылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемдік стандарттар талаптарына сай жүргізу және диссертация тақырыптарын таңдау жөнінде ақпарат беріп, ғылыми-зерттеу жұмысының процесіне шолу жасады. Семинар соңында қатысушылар сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасу болды.