• 19.04.2024

«Музей жұмысының негізгі бағыттары»

Авторkaznai

Жел 12, 2021

2021 жылдың 6-10 желтоқсан аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ИКОМ мүшесі Мұсаханова Мадина Зұлпыхарқызы «Музей жұмысының негізгі бағыттары» атты авторлық бағдарламасы бойынша Қазақстан музейлері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізді.

Бағдарлама аясында музей қызметкерлері келесі бөлімдермен танысты:

1-бөлім. Музейдің ғылыми-зерттеу қызметі
2-бөлім. Музейдің ғылыми-қор жұмысы
3-бөлім. Музейдің экспозициялық қызметі
4-бөлім. Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі
5-бөлім. Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг

Курстың көлемі 36 академиялық сағатты құрады.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық мұражай мен Павлодар қаласындағы Шафер мұражай-үйінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Музей қызметкерлері мұражай ісіндегі заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-қор, экспозициялық, мәдени-ағарту іс-шараларын жобалаудың заманауи тәсілдерін, мұражай ісіндегі менеджмент пен маркетингті меңгерді.

Курс соңында қатысушылар белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.

БЛАГОДАРНОСТЬ

Приемная комиссия