• 22.12.2024

МАСТЕР-КЛАСС ПО МОДЕРН ТАНЦУ – 11-22 ОКТЯБРЯ 2021

Авторkaznai

Ноя 1, 2021

2021 жылдың 11-22 қазан аралығында Erasmus + бағдарламасының KA107 жобасы аясында Академияның «Хореография» факультетінде Рим ұлттық би академиясының (Рим, Италия) оқытушылары модерн би пәні бойынша сабақтар  өткізді.

Аталмыш Би академиясының профессоры Yang Yu Lin және концертмейстер-перкуссионист Federico Di Maio «Қазіргі заманғы хореография педагогикасы» дайындық профилі бойынша оқитын 1-4 курс студенттеріне «Модерн биді оқыту әдістері» пәнінің «Марта Грэхэм техникасы» тақырыбында екі апталық курс өткізді.

         Рим Би академиясының профессоры жетекшілігімен студенттер Марта Грэхэмнің модерн би техникасының лицензияланған әдістемесі арқылы қозғалыстарды орындау реттілігін үйренді, сондай ақ сабақ барысында аудиторияда жұмыс атфмосферасы жақсы сезіліп, студенттермен тығыз шығармашылық байланыс орнады.

Профессор Yang Yu Lin өзінің ұзақжылдық практикалық және педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, студенттерге Марта Грэхэм модерн биінің терең философиясы және техникалық қиындықтарын қарапайып тілде түсіндірді. Барлық сабақтар музыкалық сүйемелдеуімен өтті, концертмейстер-перкуссионист – Federico Di Maio өзінің шеберлігі мен позитивті энергиясымен студенттерге барлық қозғалыстардың орындалу ырғағы мен сипатын барынша дәл сезінуге көмектесті.

Приемная комиссия