• 10.11.2024

Мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Мар 15, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі — Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.

  • Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
  • Лауазым: ректордың аппарат қызметінің басшысы – 1 бірлік.

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:

КатегорияЕңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге)
 бастапдейін
А 2-1-197687119101

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, басшы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарын және білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық қызметті және қаржы-экономикалық қызметті регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары кәсіптік білім беру мамандарын даярлау саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды; мекеме мен жалпы саланың техникалық және ғылыми даму перспективаларын; мекеменің кадрлық ресурстарын; салық, экономикалық және экологиялық заңнаманы; қарым-қатынас психологиясының, әлеуметтану мен кәсіби қатынастар этикасының негіздерін; персоналды басқару қағидаттарын, әдістерін; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбек тәрібінің қағидаларын; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік тазалықтың және өртке қарсы қорғаныстың қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  2. 3х4 фото — 4 дана;
  3. барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
  4. түйіндеме;
  5. білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  6. ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
  7. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  8. тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  9. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  10. еңбек кітапшасы;
  11. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  13. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  14. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  15. флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.

Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2022 жылдың 30 наурызынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Приемная комиссия