• 20.04.2024

«Музей қызметінің негізгі бағыттары»

Авторkaznai

Сәу 29, 2022

2022 жылдың 25 сәуірі мен 29 сәуірі аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова  «Музей қызметінің негізгі бағыттары» атты авторлық бағдарламасы бойынша Қазақстан музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Бағдарлама аясында қатысушылар келесі бөлімдермен танысты:

  • 1-бөлім. Музейдің ғылыми-зерттеу қызметі
  • 2-бөлім. Музейдің ғылыми-қорының жұмысы
  • 3-бөлім. Музейдің экспозиция қызметі
  • 4-бөлім. Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі
  • Секция 5. Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг

             Курстың ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.

             Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына Павлодар қаласындағы Н.Г. Шафер үй-музейінің, Павлодар облыстық өнер музейінің, Жезді ауылындағы тау-кен және металлургиялық өнеркәсібі тарихы музейінің қызметкерлері белсенді қатысты.

             Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары мұражай ісіндегі заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-қор, экспозиция, мәдени-ағарту іс-шараларын жобалаудың, музей ісіндегі менеджмент пен маркетингтің заманауи тәсілдерін меңгерді.

             Курс соңында тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.

             Алдағы уақытта келесі авторлық бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары жоспарлануда:

  • 1. «МУЗЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІНЕ АТРИБУЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПЕРТИЗА ЖАСАУ»
  • 2.«ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
  • 3. «МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
  • 4. «ЗАМАНАУИ МУЗЕЙДІ БАСҚАРУ»
  • 5. «ГАЛЕРИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Приемная комиссия