Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет» кафедрасының оқытушысы Нұрлан Сатаев «Almaty – менің мақтанышым» жобасы аясында ұйымдастырылған «Қамқоршы алматылықтар» қала батырлары конкурсының жеңімпазы атанды.
Конкурс Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ бастамасымен ұйымдастырылды. Жоба қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан, игі бастамаларды жүзеге асыруға және Алматының дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалауға бағытталған.
Нұрлан Сатаев қоғам игілігіне арналған елеулі еңбегі мен қаланың дамуына қосқан үлесі үшін конкурсқа ұсынылды. Конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаз атанып, марапатқа ие болды.




