• 22.11.2024

2022 жыл мамырдың 20 жұлдызында «Сәндік өнер» кафедрасының студентері мен магистранттарының семестрлік жұмыстарының есеп беру көрмесі болды. Көрмеге 2,3,4 курс студенттері мен магистранттардың зергерлік, ағаш, қыш, тоқыма бұйымдары қойылды. Көрменің ашылуында кафедра меңгеруші профессор Р.Базарбаева студенттердің шығармашылығының өздері үшін маңызын айтып ақжол тіледі. Әр мамандық бойынша орындалған жұмыстар әр түрлі техника мен технологияларда орындалған. 2 курс студенттері дәстүрлі техикада орындаса, жоғары курстар жаңа заманауи ноухау технологияда орындаған.

Дәстүрлі материалдардан басқа жібек, тоқыманың түрлі жіптерімен қоса синтетикалық материалдар, сым дар, целофан, тастар да қолданылған. Зергерлікте қосымша сүйек, ағаш,  былғары, шыны, пластик, киіз, жібек  т,б материалдар кең  қолданылған. Магистрант пен студентердің  әр қайсысы өзіндік әдісін, өзіндік стильдік ізденістерін материалда өте жақсы көрсете алған. Бейіндік магистратура оқып жатқан А.Жабагиннің халықаралық көрмеге қойған «Дәуір жаңғырығы», «Бабадан қалған байтақ жұрт» жұмыстары  төрде орын алды.

Құттықтау сөз сөйлеген мамандар,  6 мамыр мен 12 мамыр аралығында  Түркия елінде Анталия, Бурса қалаларында болған  фестивальдеріне  еліміз атынан қатысып келген, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері С.Бапанова мен Е.Даубаев, профессор Ж.Берістеновтер қазақ руханиятындағы сәндік өнердің дамуын бағалап, тың пікірлер айтты. Көрмеге келген қонақтар Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері Ә.Бапанов пен Б.Байділда, кино факультетінің профессоры А.Байбек көрмедегі жұмыстарға өте жақсы баға беріп разылықтарын білдірді. Жастар шығармашылығындағы түрлі ізденістер көркемдігімен қоса шеберліктерімен де өте ерекше көрінді. Көрмені тамашалаған көрермендер таңданыстарымен қоса әр заттың құны қанша болады деген сұрақтар да көп болды. Кафедра меңгерушісі профеесор Р.Базарбаева  алдағы жылдары есеп беру көрмесінің маңызын арттыратынын айтып, студентер арасында оның маңызы зор екеніне тоқталды.  Көрме 20 мамырдан 31мамырға дейін созылады.

Приемная комиссия