2025 жылғы 23 қыркүйекте Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында үнді режиссері Кумар Сумит қойған «Король Лир» спектаклі, ал 24 қыркүйекте «Юлий Цезарь» спектаклі сахналанды.
Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталықтың қолдауымен өткен бұл мәдени іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Үндістанның «Sri Prakash Synergy School» (Какинада) және «Sri Prakash Educational Institutions» (Андхра-Прадеш) оқу орындары бірлесіп ұйымдастырды.
Екі спектакльді Үндістаннан келген мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған труппа қойды. Бұл бастама мәдени байланысты нығайту және алдағы уақытта Академия мен үндістандық әріптестер арасында шығармашылық ынтымақтастық орнату мақсатында жасалды.

