Офис-тіркеуші бөлімі
Офис-тіркеушілер бөлімінің негізгі міндеттері:
- 1) сессиялардың академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестацияларды талдау;
- 2) білім алушыларға, оқытушыларға және әкімшілік қызмерткерлерге нақты академиялық ақпарат беру;
- 3) офис тіркеуші бөлімі қызметкерлерінің Академия деканаттарымен және кафедраларымен оқу траекториясын таңдауда студенттердің үлгерімі мен дербестігінің сапасын арттыру бойынша ынтымақтастығы;
- 4) оқу жылы ішінде студенттердің оқу нәтижелерін қадағалау, талдау және жалпылау.
Офис тіркеуші бөлімінің негізгі функциялары:
- — оқу пәндері бойынша білім алушыларды тіркейді;
- — академиялық топтар мен ағындарды құрады;
- — белгіленген тәртіпте білім алушылардың жеке оқу жоспарларын тіркейді;
- — білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;
- — білім алушылардың академиялық рейтингін есептейді;
- — білім алушылардың бүкіл оқу кезеңінде және оқудың барлық кезеңінде жинаған кредиттерінің есебін жүргізеді;
- — білім алушыларға жазғы (қосымша) семестр ұйымдастырады;
- — ағымдағы транскрипт пен дипломға қосымшаны (транскрипт) жүргізу және беру, GPA өту балын есептеу;
- — түлектерді қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, оларға дипломдарды ресімдеу және тапсыру;
- — академиялық айырмашылықты және академиялық берешекті айқындау;
- — аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жиынтық ведомостарды қалыптастыру және дайындау;
- — жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін GPA бойынша білім алушыларды, академиялық топтар мен факультеттерді саралау.
Офис тіркеуші бөлімінің қызметкерлері:
- — Ермекбаева Нургуль Карнакбаевна (Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті)
- — Қартқожанова Талшын Амантайқызы (Театр өнері факультеті)
- — Маханова Бибинур Куанышовна (Кино және ТВ, Музыкалық өнер факультеті)
- — Сағындық Әнел Ерланқызы (Хореография және Өнертану факультеттері, Компьютерлік технологиялар және Арт-менеджмент кафедралары).
Іздеу
Хабарландырулар

23.04.2025

18.04.2025