2025 жылдың 15 қазанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Көркемсурет және Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедраларының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Болат Сырлашұлы Тұрғынбайдың 65 жас мерейтойына арналған «Ой кеңістігі» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, белгілі суретшілер, өнертанушылар, оқытушылар мен шәкірттері қатысады. Дөңгелек үстел барысында суретшінің шығармашылық жолы, ұстаздық әдіс-тәсілдері, бейнелеу өнеріндегі орны жайлы өнертанушылар баяндама жасайды. Сонымен қатар Болат Тұрғынбайдың шығармашылық екбектерінен тұратын альбом-каталогының тұсаукесері өткізілмек.
- Өтетін орны: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мәжіліс залы
- Өтетін уақыты: 15 қазан, сағат 11.00
- Байланыс телефондары: +7 705 4047705 Зухра Ыдырыс, + 7 777 6669543 Майя Қорғанбаева