• 25.10.2024

Өнер академиясы докторанттарының ғылыми семинары өткізілді

Авторkaznai

Июн 25, 2024

2024 жылдың 17 және 21 маусымында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының докторанттарының ғылыми семинары өткізілді. Мақсаты — ізденушілердің зерттеу нәтижелері мен инновациялық жұмыстары, сондай-ақ ғылыми ізденістер жүргізу тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасу.

Модератор ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының басшысы А.А.Кульшанова сөз бастап, жастардың ғылыми ортасының өзектілігін атап өтті.

Семинарға 2 және 3 курс докторанттары мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Ғылыми баяндамаларының негізінде «8D02184-Кино және ТВ режиссурасы» білім беру бағдарламасының 2 – курс докторанты Э.Б.Пшенаева, «8D02197-Хореография» білім беру бағдарламасының 2 – курс докторанттары А.Т.Исалиев, Б.А.Кукетов, «8D02184-Кино және ТВ режиссурасы» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Р.А.Альжанов, «8D02195-Өнертану» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттары Х.Мұрат, М.М.Келсінбек зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Семинарға профессор-оқытушылар құрамынан С.К.Каржаубаева, Ш.Н.Уразбаева, А.А.Машурова қатысып, докторанттарға құнды кеңестер берді. Ал жаңадан бастаған зерттеушілер зерттеу жұмысының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге ниет білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия