• 08.12.2024

Өнер академиясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді

Авторkaznai

Июн 2, 2022

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша алдағы уақытта өтетін референдумға байланысты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп, 2022 жылғы  1 маусым сағат 15.00-де «Конституциялық реформа -жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудың негізі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды: саяси жүйені терең демократияландыру; суперпрезиденттік басқару нысанынан президенттік республика моделіне өту; Парламентті күшейту; президенттік өкілеттіктерді шектеу бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелер мен теңестірмелер жүйесін одан әрі жетілдіру, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық сотты құру; сайлау жүйесін демократияландыру; мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру; адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін арттыру; өлім жазасын толық жою.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік дағдарыс, жаһандық қауіпсіздік моделін қайта қалыптастыру үдерісі, әлемдік экономикалық және саяси жүйелерді түзету жағдайында. елімізде де, жаһандық деңгейде де орын алып жатқан елеулі өзгерістер кезеңінде жүргізіліп жатқан жаңа конституциялық реформаның ерекшелігін атап өтті.

Дөңгелек үстелде сөз алғандар бұл жағдайда ішкі және сыртқы саяси сын-қатерлерге жауап беру масқатында Қазақстанның парасатты демократиялық реформалар, әділеттілік әлеуетін пайдалану және халықтық бастаманы күшейту жолын таңдағанын бірауыздан мақұлдады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, мықты құқықтық және демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытын одан әрі ілгерілетуге ықпал ететін реформаларды, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Конституциядағы өзгерістерді қолдады.

Дөңгелек үстел модераторы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. с.ғ.д., профессор Әмірбеков Ш. А.

Дөңгелек үстелге Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессорлық-оқытушы құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты.

Приемная комиссия