• 22.12.2024

Өнер саласындағы пәнаралық зерттеулер: теория және практикаРеспубликалық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының қорытындысы бойынша есеп

Авторkaznai

Фев 20, 2024

2023 жылы 15 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Өнер саласындағы пәнаралық зерттеулер: теория және практика» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.   
Семинар жұмысына Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындарының ғылым және өнер саласындағы жетекші мамандары қатысты:

  1. Халыков К.З. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;
  2. Жумасеитова Г.Т. — Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану кандидаты, өнертану профессоры;
  3. Толысбаева Ж.Ж. — Қазақ ұлттық хореография академиясының филология ғылымдарының докторы;
  4. Каржаубаева С.К. – өнертану ғылымдарының докторы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры;
  5. Кульшанова А.А. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

Мәдениет және өнер саласындағы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, тәжірибе алмасты және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.

Докторанттар:

  1. Альжанов Р.А. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;
  2. Байкуатова А.К. — Қазақ ұлттық өнер университеті;
  3. Мухамбетжанов Ш.М. — Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  4. Гумаров А.Г. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар шешім қабылдап, келесі ұсыныстар айтылды:

  1. Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша докторанттардың баяндамалары назарға алынсын, ҒЗЖ ғылым мен мәдениет саласындағы маңызды құрамдас бөлік болып саналсын;
  2. Нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдардағы докторанттар жарияланымдарының мазмұнды контентіне әсер ететін жобалық және жарияланымдық қызметте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы жандандырылсын;
  3. Зияткерлік өрісті кеңейту үшін Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындары өкілдерінің кенестері назарға алынсын;
  4. Тұжырымдамалық әдіснамалық принциптер анықталсын.

Конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын күшейту шеңберінде ғылыми және шығармашылық қызметті жандандыру қажеттігі туралы бірауыздан қорытындыға келді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия