• 20.04.2024

Өнертану факультеті бойынша

Авторkaznai

Сәу 10, 2023

01 наурыз, 2023 жылы  Өнертану факультеті бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті. Өнертану факультетінің деканы – Меруерт Болатканқызы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгрушісі – Анар Саимжанқызы,  «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі – Баубек Бауыржанұлы бастауымен өткізілген іс-шара – мамандықтардың болашағы жайлы сөз қозғап, оны жақсартуға жаңа көзақарас, ұтымды шешім табу мақсатында ұйымдастырылды. Арнайы шақыртылған стейкхолдерлер тобы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Серік Әбішев, «Алматы» телеарнасының директоры Тимур Базарбаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі Амангелді Оразбайұлы, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көрермендер ісі жөніндегі директордың орынбасары Мақсат Камалов, Алматы қаласының «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК директорының орынбасары Бақыт Тушаев, «Baiqonyr International Short Film Festival» және «BROD.KZ» сайтының директоры Ануар Кенжибаев, Tengrinews.kz ақпараттық порталы СММ бөлімінің шеф редакторы Әсем Әнуарқызы сапалы әрі қажетті маман дайындауда өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, өз ұжымына тапшы маман иелерін атап өтті. Көпсалалы – өнертану факультетінің білім алушыларын оқытуда студенттерді қызықтыратын, кәсібилікке шыңдап, қажетті маман атандыратын факторлар әр мамандық бойынша жеке талданды. Осылай  студенттердің болашағы, кәсіби маман атанудағы маңызы үшін  білім берушілер мен жұмыс берушілер арасындағы көпірді орнатты. Өз мақсатына жеткен отырыстың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер сапалы маман дайындауда ескерілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия