Jabý
01.02.2020

ҚазҰӨА – Қашықтықтан оқыту жүйесі

ҚазҰӨА Moodle



Оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық ПОҚ мен студенттерге электрондық платформаларға қолжетімділік берілді, ПОҚ-ын қашықтықтан оқытуға дайындау жүргізілді, қашықтықтан оқыту үшін контент рәсімделді, тьютерлік сынып құрылды, әдістемелік және нормативтік база дайындалды.


Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қашықтықтан оқыту жүйесі бірнеше бағытта жүргізіледі:

  • 1) Мессенджерлердегі чаттар
  • 2) “Moodle” web платформасы – тапсырмалар бағытын, тапсырмалардың орындалуын тексеруді, бағалауды, студенттермен кері байланысты қамтамасыз етеді.
  • 3) Zoom бейнеконференциясы – бейнесабақтарға, тапсырмаларға, мәселелерді талқылауға және шешуге қолжетімділік беретін жүйелер; ПОҚ онлайн сабақтар өткізу үшін өз студенттерімен бейнестриминг сервисін пайдалана алады.
  • 4) YouTube виртуалды арт студиясы  -арнайы YouTube арналары арқылы сабақтар белгіленген кесте бойынша көрсетіледі.
  • 5) MOOCS.kz – БӨЖ орындау үшін
  • 6) Виртуалды галереялар – экспонаттарды талқылау үшін
  • 7) Google Drive-да онлайн бөлім
  • 8) Виртуалды монтаж студиясы YouTube –Кино және ТД факультетіне арналған -https: / / www. youtube. com/channel


“Moodle” платформасында ҚО алгоритмін қалыптастыру

  • 1) Оқытушы платформада тіркеліп, өзінің “курсын” жасайды және студенттерді тіркейді.
  • 2) Оқытушы платформаға тапсырмалар жүктейді. Жүктелген тапсырмаларға PDF файлдар, веб-ресурстарға сілтемелер, фотосуреттер немесе оқулықтардың скриншоттарын қоса алады.
  • 3) Студенттер өз тарапынан тапсырманы орындайды. Олар жұмысты қағаз, сурет немесе қысқа видео арқылы орындап, мұғалімге жіберуге болады.
  • 4) Егер ақпарат көлемі 2 Мб асатын болса, студент платформаға сілтемесі бар мәтіндік файлды тіркейді.
  • 5) Мұғалім word файлын өзіне жүктеп, media мазмұнына сілтеме арқылы өтеді.
  • 6) Музыка және театр факультетінің студенттеріне арналған media порталы – AdobeAudition, YoutubeChanel
  • 7) Кино және ТД факультетінің студенттеріне арналған media порталы – Adobe Premiere, Nuke, Adobe after Effect, Adobe Animate
  • 8) Кескіндеме, мүсін және дизайнфакультетінің студенттеріне арналған media порталы – Adobe 3dmax, Adobe Flash және Adobe Illustrator бойынша дизайн пакеті.
  • 9) Платформада түсініктеме беру мүмкіндігі бар. Яғни, мұғалім тапсырма жасайды, ал студенттер оған түсініктеме беріп, мұғалімге қосымша сұрақтар қоя алады.
  • 10) Әр тапсырманың өз мерзімі бар.
  • 11) Студенттердің тапсырмаларды орындалуын қадағалайды;
  • 12) Курсты меңгеру деңгейі виртуалды бағаларды қою арқылы жүзеге асырылады.
  • 13) Уақытында орындалмаған немесе қателіктері бар тапсырмалар үшін бағаларды түсіруге болады.
  • 14) Интернетке қол жетімділігі жоқ студенттер жағдайы ескеріледі

Zoom стримингті сервисінде жеке немесе топтық онлайн дәрістерін бейнеконференция арқылы жүргізу алгоритмі

  • 1) Zoom-ға тіркеледі.
  • 2) Конференцияға кіру үшін талап етілетін конференция идентификаторы деп аталатын ерекше 9, 10 немесе 11 таңбалы нөмірлерін пайдаланады;
  • 3) Студенттерді шақыруда көрсетілген телеконференцбайланыс нөмірі қажет болады.
  • 4) Оқытушының микрофонды өшіруге және қосуға, сондай-ақ бейнені өшіру мен барлық қатысушылардың бейнесін қосуды сұрай алады.
  • 5) Оқытушы слайд, фото және бейне материалдарды көрсете отырып, экранды дыбыспен бөліседі.
  • 6) Платформада интерактивті тақта бар, экран көрсетілімінен тақтаға оңай және тез ауысуға болады
  • 7) Чат арқылы хабарламалар жазуға, файлдарды барлығына жіберуге немесе бір оқушыны таңдауға болады.
  • 8) Оқытушы өтіп жатқан сабағын компьютерге немесе бұлтты тезнологиялар арқылы жазба жасай алады.

Коммуникация тағы бір әдісі пайдаланылады. Мұнда мұғалім тапсырмаларды жібереді және орындалғанын алады. Алайда, жоғарыда сипатталған платформалар ыңғайлы, өйткені олар арнайы оқыту үшін жасалған.