• 07.12.2022

Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің 2-концерті

Авторkaznai

Қаз 14, 2022

Өнертану докторы, профессор Ә.И. Мұхамбетованың 80-жылдығына орай

«Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің 2-концерті

13 қазанда Оқу театрында сағат 18.30-да Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің 2-ші концерті өтті.

Фестивальдің 2-ші концертінің бағдарламасына Орталық Азияның батыс және оңтүстік аймақтары (көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы халықтар)Қазақстан (батыс аймақтар), Түркіменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Солтүстік Үндістанның дәстүрлі музыкасы кірді.

Осман Гуджимов, Түркіменстанның еңбек сіңірген әртісі, М. Кулиева атындағы Түркіменстан ұлттық консерваториясының Түркімен музыкасы кафедрасының аға оқытушысы (түрікмен дутары)
Саламат Аяпов, жырау, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің өнер кафедрасының меңгерушісі (қарақалпақ эпосының қобыз дәстүрі)
Аброр Зуфаров, доцент кафедры Истории и теории узбекского макома Института узбекского национального музыкального искусства им. Ю. Раджаби (узбекская инструментальная традиция – танбур и сато)
Тәжікстанның Мақом академиясының ансамблі құрамында: Абдували Абдурашидов (ансамбль жетекшісі, сато), Тәжікстанның халық әртісі, Тәжікстан Мақом академиясының жетекшісі; Озода Ашурова (ансамбльдің сүйемелдеуімен дойрамен дәстүрлі ән айту), Тәжікстанның халық әртісі; Зоир Хайдаров, Ю.Раджаби атындағы Тәжік ұлттық консерваториясының дәстүрлі ән айту кафедрасының меңгерушісі(танбур мен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі ән айту); Дилрабо Абдурашидова, Т.Сатторова атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институтының 2 курс магистранты(дутар); Искандар Абдурашидов, Ю.Раджаби атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институтының 2 курс студенті(танбур).  
Раджеш Шах (ситар), Уддхава Правен (табла),Банарас қаласындағы Үндістанның Варанаси университетінің орындаушылық өнер факультетінің аспаптық музыка профессорлары, Үндістан (Үнді рага) – онлайн
Қазақстандық өнерпаздар: Ержан Байсейітов (қобыз аспаптық дәстүрі) Ерболат Мұстафаев (Сырдария домбыра дәстүрі) Асылбек Кенегесов (Арал-Ақтөбе аспаптық дәстүрі) Армат Исламғалиев (Батыс Қазақстан ән дәстүрі) Батыржан Мықтыбаев (Батыс Қазақстан домбыра дәстүрі) Күнқожа Қайруллаев (Батыс қазақэпикалық дәстүр) (Маңғыстау ән дәстүрі)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия