• 29.03.2024

Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің ашылуы

Авторkaznai

Қаз 12, 2022

Өнертану докторы, профессор Ә.И. Мұхамбетованың 80-жылдығына орай «Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы фестивалінің ашылуы

12 қазанда сағат 18.30-да Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің ашылуы болды. Барлық қонақтар – Орталық Азия республикаларының атақты дәстүрлі орындаушылары – Оқу театрының сахнасына шақырылды:

  • Аброр Зуфаров пен Саламат Аяпов (Өзбекстан және Қарқалпақстан)
  • Есенбол Бегалиев и Тұрдукан Сарбанова (Қырғызстан)
  • • «Тәжікстанның Мақом академиясы» ансамблі – Абдували Абдурашидов (жетекшісі), Озода Ашурова, Зоир Хайдаров, Дилрабо Абдурашидова, Искандар Абдурашидов (Тәжікстан)
  • Ай Чарых Кучен (Ресей Федерациясы, Хакасия)
  • Чодураа Тумат (Ресей Федерациясы, Тува),

сонымен қатар Қазақстаннан 1-концертке қатысушылар: Мұрат Әбуғазы, Талғат Мұқышев, Шолпан Даржанова, Нұржан Жанпейісов, Сырым Нұрмолдин, Әділет Мұса, Шадат Сұлтан, Жасар Нұрданбекұлы.

Фестивальдің 1-концертінің бағдарламасында түркі әлемінің шығыс аймақтары – Орталық Азияның көшпенділер әлемі: Хакасия, Тува, Алтай, Қырғызстан және Қазақстанның шығыс аймақтарының – дәстүрлі музыкасы орындалды.

Ай Чарых Сайын Күчен, Хакасия Республикасының халық әртісі, Хакасия Республикасының еңбек сіңірген әртісі (хакас эпосының көмеймен ән айту дәстүрі)
Роман Саланханов, Алтай Республикасының еңбек сіңірген әртісі, жоғары санатты ұстаз (Алтай эпостық дәстүрі көмей әнші)
Чодураа Тумат, Тува мемлекеттік университетінің оқытушысы (Тува аспаптары және әйелдер көмей әні)
Есенбол Бегалиев, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті колледжінің 1 курс студенті, «Олонхо жерінің шақыруы бойынша» Үшінші халықаралық қиссашылар онлайн фестивалінің лауреаты, Якутск (қырғыздық «Манас»)
Тұрдукан Сарбанова, әнші,  Тоқтоғул Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясының «Ел ырчысы Естебес» тобының әншісі (қырғыз ән дәстүрі ыр.)
Қазақстандық өнерпаздар: Мұрат Әбуғазы (Алтай-Тарбағатай) Талғат Мұқышев (Шығыс өңірлерінің сыбызғы дәстүрі) Жасар Нұрданбекұлы (қобызбен эпостық дәстүр) Манура Таңнұр (Жетісу эпостық дәстүрі) Нұржан Жанпейісов (Шығыс Қазақстан ән дәстүрі) Сырым Нұрмолдин (Арқа домбыра дәстүрі) Әділет Мұса (Арқа ән дәстүрі)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия