Театр өнері факультеті, Фархад Молдағали шеберханасының 3-курс студенттері қойған «Палата» спектаклі «Tbilisi international student theatre festival» халықаралық жобасында арнайы жүлдеге ие болды. Фестиваль Грузияның Тбилиси қаласында өтті.
«Палата» – шынайы оқиғаға негізделген документалды драма. Бұл спектакль Нұрайна Сатпаеваның «Шошқа Пеппенің күнәсі» пьесасының желісі бойынша сахналанды.
Қойылымның режиссері – Комис Олжас. Шеберлігін көрсетіп, шығарманы сәтті сахналай білген жас буын актерлер – Кусманова Дамели, Жанашева Даяна, Амин Сезім, Джилдикараева Диана.
Барша шығармашылық ұжымды халықаралық деңгейдегі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жарқын жетістіктер тілейміз. Қазақ театр өнерінің мерейі әрдайым үстем болсын!
