• 28.03.2024

Пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін нәтижелері

Авторkaznai

Сәу 25, 2023

«Әлеуметтану» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін нәтижелері

«Әлеуметтану» пәні бойынша Республикалық  студенттік  пәндік олимпиада сертификат иегерлері!

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және Саясаттану факультетінің «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы, 2023 жылдың 20-сәуір күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында «Әлеуметтану» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

       Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы атынан төменде көрсетілген екінші курс студенттері қатысып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы сертификатымен марапатталды.

        Бірінші және Екінші турларға академиямыздың 2 -ші курс студенттері «Әлеуметтану» пәні бойынша білімдерін көрсете білді, сондай-ақ студенттердің  «Әлеуметтік зерттеуі» тақырыптың өзектілігі мен зерттеу деңгейі бойынша ерекше мақтауға ие болды:

  • Амангелді Толғанай – «Медиажурналистика» мамандығы, 2 курс
  • Дюсекова Жасмин – «Медиажурналистика» мамандығы, 2 курс
  • Жиенбай Қарақат –  «Сәулеттік дизайн» мамандығы, 2 курс
  • Садық Абылай- «Эстрада вокалисті» мамандығы, 2 курс

Олимпиадаға қатысушы команданың ғылыми  жетекшісі:  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Жумагулов Мейрбек Онгарович

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия