• 21.04.2024

Педагогикалық практикасын қорытындылау

Авторkaznai

Ақп 23, 2023

2023 жылдың 20-ақпанында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығы 30.01.2023 – 18.02.2023 аралығында өткен білім алушылардың педагогикалық практикасын қорытындылау мақсатында барлық білім беру бағдарламалары 2-курс докторанттарының және «Хореография» факультетінің 1 курс магистранттарының педагогикалық практикасы бойынша есеп өткізді.

Талқылау барысында комиссия мүшелері білім алушылардың айтарлықтай жоғары деңгейі мен дайындығын атап өтіп, кемшіліктер мен ұсыныстарға ерекше назар аударды.

«Хореография» факультетінің 1 курс магистранттары жалпы практикалық дағдыларды, интерактивті әдістерді пайдалана отырып, жақсы деңгейде педагогикалық практика жүргізді.

Жалпы, комиссия мүшелері практиканттарға қанағаттанарлық баға беріп, 2 курс докторанты Найзабеков Аянның ашық сабағын үлгі ретінде көрсетерлік сабақ ретінде ерекше атап өтіп, оны мастер-класс ретінде өткізуге ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия