• 05.12.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Июл 27, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура13 (актер. шебер.)
Жеке ән салу11 (жеке ән салу)
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1
Сценография13 (1-грим, 1-сахна жарықтан.,1-спектак.киімді әрлеу)
Музыкалық театр1 (актер. шебер.технолог.)3 (1-муз-сахнал.бейне жасау, 2-актер шебер.)1 (муз.театр актері өнері)
Дәстүрлі музыкалық өнер1 (мамандық — сыбызғы)1 (қазақ музыка тарихы)1 (қазақ дәстүрлі мәдениеті)1 (қосымша аспаппен ән орындау-домбыра)
Эстрадалық оркестр аспаптары2 (1-ұрмалы аспаптар, 1-аспап.джаз импровиз.)
Эстрадалық вокал2 (1-қазіргі заманғы би, 1-эстрад. вокал)
Экрандық өнер режиссурасы11 (теле.фильм.бейнелеу шешімі)5 (2-анимация техникасы, 1-пәнд.анимация, 1- тәжериб. режиссура, 1-кинорежиссура)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер14 (1-дыбысты құралдар, 1-кинотүсір.техникасы, 1-фотоөнер, 1-сценар.шебер.)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы1 (әлем театр. тарихы)
Кино тарихы мен теориясы3 (1-заман. кино. үдерісі, 1-кинотеледраматур., 1-қазақ анимац.тарихы)
Көркемсурет2 (1-кескіндеме, 1- мүсін)
Сәндік өнер1 (МҒЗЖ)2 (1-зергер.іс, 1- сәнд.қолданб.өнер туындыл.қайта өндеу)
Сән және костюм дизайны1 (кескіндеме)
Балетмейстерлік өнер1 (қазақ би композиц.)2 (1-шығыс би, 1-балет спектак.жобал.технологиясы)
Хореография педагогикасы14 (1-Еуропа. және латынамер.билер тренаж., 1-латиноамерик.биді оқыту әдістем., 1-халық-сахна би, 1- стандар би оқыту әдістем.)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар1 (қазақ тілі)1 (қазақ тілі)
Арт-менеджмент және продюсерлеу1 (арт-менеджмент)2 (1-концерт.ұйымдас., 1-өнер саласын.нарық)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Ғылыми кеңесінің 2021 жылғы 26 наурыздағы (№8-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. форматы 3,5×4,5 суреті бар мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (3 дана) және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  3. барлық қажетті  мәліметтер толық жазылған өмірбаян;
  4. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  6. уәкілетті  тұлғаның қолы мен ұйымның мөрі қойылған,  конкурсқа қатысушының соңғы жұмыс орнымен расталған  ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі (болған жағдайда);
  7. мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапшасы;
  9. Еңбек кітапшасы
  10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндег комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама
  11. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
  12. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы
  13. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
  14. барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (ПОӘК және силлабус алдағы оқу жылына арналған оқытушының жеке жоспары бойынша сағаттардың орналасуына сәйкес )

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ өтініш беру мерзімдері бұзылған жағдайда құжаттар қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

  • Құжаттар 2022 жылдың 27 тамызына дейін өткізілуі керек.
  • Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия