• 13.10.2024

2023 жылдың 7 қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Кескіндеме, мүсін және мүсін» факультеті мен «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының бірігіп ұйымдастыруымен шығармашылық дөңгелек үстел өткізілді. Кеш қонағы белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан  өнерінде еңбек сіңірген қайраткер, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Кескіндеме» кафедрасының доценті Қилыбаев Нұрлан Аталықұлы болды.

     Заманауи Қазақстан бейнелеу өнерінің жарқын өкілі Нұрлан Қилыбаевтың туындыларының басым бөлігі ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптейтін мазмұндылығымен ерекшеленеді. Суретші соңғы кездері тарихи жанрда орындалған композицияларында өткен ғасырдың маңызды оқиғалары мен кеменгер тұлғаларының бейнесін қайта жаңғыртуда зор үлес қосуда. Олардың қатарында «Мұқылай жалайыр»,  «Менің Отаным», «Ақтабан шұбырынды», «Аманат», «Алтын Арай», «Князьдыққа ант беру», «Нұрлану», «Көк бөрі», «Қожа Ахмет Яссауи», «Бопай» жане т.б.

    Кездесу барысында студенттер қылқалам шеберінің көркем шығармашылығымен жақын танысып, отандық бейнелеу өнері жайлы білімдерін кеңейте түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия