2024 жылдың 26 қарашасында «Хореография» факультетінде хореография бойынша кітаптардың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің 30 жылдығына арналған «Хореографиялық өнердегі режиссура және педагогика: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Шараны «Хореография» факультеті Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды. Тұсаукесерде келесі жұмыстар ұсынылды:
- 1) Жақыпова Қуаныш Майлинқызының «Би өнерінің әліппесі» оқу-әдістемелік құралын қайта басып шығару;
- 2) Әбиров Дәурен Тастанбекұлының «Қазақ биінің тарихы» оқулығын қайта шығару;
- 3) Лидия Петровна Сарынованың «Қазақстанның балет өнері» қайта басылған монографиясы;
- 4) «Халық сахналық биі. Теория және практика» оқу құралының презентациясы (авторлары Әлішева А., Абдулина Н., Дон Г., Сайфуллина Г.)
- 5) Дмитрий Валентинович Сушковтың және Раушан Хатиятқызы Байсейітованың «Хореографиялық мұра. П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті» оқу құралының презентациясы.
Тұсаукесер рәсіміне «Хореография» факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, Қазақ ұлттық хореография академиясының, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушылары қатысты.