• 02.03.2024

Профессор Дмитрий Сушковтың оқу құралының тұсаукесері

Авторkaznai

Жел 7, 2023

Профессор Дмитрий Сушковтың оқу құралының тұсаукесері

2023 жылдың 7 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Хореография» факультеті, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры Сушков Дмитрий Валентиновичтің «Дуэттік-классикалық би композициясы» оқу құралының тұсаукесері өтті. Оқу-әдістемелік бірлестігі – «Өнер» бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары тобының мөрімен жарық көрді. Тұсаукесерде хореографиялық өнердің өкілдері болды: академия ректорының у. м. а. Ергөбек Ш. Қ., оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Әмірбеков Ш. А., Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры Тукеев М. О., Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің арнайы пәндер жетекшісі Медеубаева С. М., «Самұрық» заманауи би театрының көркемдік жетекшісі Адамова Г. В., Оқу-әдістемелік бірлестігінің ғылыми хатшысы – «Өнер» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары тобы Гизатова Г. Б., «Хореография» факультетінің деканы Ғаббасова Г.М. Н., кафедра меңгерушілері Аухадиев И. Р., Молдахметова А. Т., сонымен қатар факультет оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия