• 22.12.2024

«Қазақстан Республикасының күнтізбелік мерекелерінің семантикасы»

Авторkaznai

Фев 24, 2023

2023 жылғы 23 ақпанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында жыл сайынғы Ғылым апталығы аясында «Қазақстан Республикасының күнтізбелік мерекелерінің семантикасы» атты ашық тәрбие іс-шарасы өткізілді. Іс-шара «historical tour» форматында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының күнтізбелік мерекелерінің мағыналық мәнімен таныстыру.

Міндеттері:

  • 1. Елдің ұлттық және мемлекеттік мерекелері туралы білім қалыптастыру;
  • 2. Білімалушыларды осы мерекелердің пайда болуының алдындағы тарихи фактілермен таныстыру.
  • 3. Іс-шараны ұйымдастыруға қатысу арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту;
  • 4. Халықтық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу; мәдениет тарихына моральдық-эстетикалық көзқарас қалыптастыру.

Іс-шараға «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1 курс студенттерінің және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ПОҚ-ның қатысуымен өтті.

Іс-шара аясында Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, Қазақстан Халқының Бірлігі күні, Жеңіс Күні, Конституция күні сияқты мерекелердің тарихына саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шараға жауапты: аға оқытушы Қанатбек Ерғазыұлы Тауенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия