Өнертану докторы, профессор Мұхамбетова А.И. 80 жылдығына арналған «Ауызша және музыкалық кәсіпқойлық дәстүрлері және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өткен Қазақстан дәстүрлі музыкасын зерттеуші ғалымдар мен орындаушылардың шеберлік сыныптары
14 қазан күні таңертеңгі конференцияның үшінші күні де қазақстандық ғалымдар мен орындаушылардың шеберлік сабақтарына арналды. Күннің бірінші жартысында келесі шеберлер өнер көрсетті:
1. Әбуғазы Мұрат, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дәстүрлі музыка өнері кафедрасының доценті өз шәкірттерімен. Тақырыбы: ««Күйшілік өнердегі құймақұлақтық әдіс-амалдар».
2. Райымбергенов Абдулхамит, домбырашы, өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Көкіл» мектеп-колледжінің директоры. Шеберлік сыныбының тақырыбы: «Қазанғап күйлерінің орнындау ерекшіліктері».
3. Ақмолда Саян, қобызшы, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты қызметкері, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы. Тақырыбы: «Қобыз күйлерінің интонациялық ерекшіліктері / Интонационные особенности кобызовых кюев».
4. Нәдірбеков Жақсылық, домбырашы, А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы. Тақырыбы: «Dombyra SOFT – домбыра музыкасының теориясын меңгеруге арналған құрал» (онлайн).