• 07.12.2022

«Қазақты әлемге танытқан тұлғалар»

Авторkaznai

Қаз 31, 2022

2022 жылдың 28 қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында «Ұлы даланың ұлы есімдері»  тақырыбындағы Тілдер апталығы аясында қазақ жерінің белгілі тұлғаларының өмірі мен қызметіне арналған «Қазақты әлемге танытқан тұлғалар» атты зияткерлік-танымдық дайджест өтті. Іс-шараға «Кино және ТВ» факультетінің бірінші-екінші курс студенттері қатысты.

Дайджестте әр түрлі өнер салаларының танымал қайраткерлерінің әлемдік деңгейдегі жетістіктері туралы презентациялар көрсетілді. Мысалы, Т.Бекмамбетов, Е.Тұрсынов, Б. Шукенов, Н. Орынбасарова, “Дос-Мұқасан” ансамблі және т.б. туралы презентациялар студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Еуропада алғаш қазақ халық әнін ұсынған Әміре Қашаубаевтың өмірлік және шығармашылық кезеңдері туралы жұмыс қатысушылардың шынайы назарын аударды. Дайджест жоғары ұйымдастырушылық-әдістемелік деңгейде өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия