• 28.04.2024

«Қазіргі заманғы сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері»

Авторkaznai

Қар 10, 2023

2023 жылдың 31 қазан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық артисі, Қазастан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлер одағының төрағасы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты, «Өнертану» ғылымының кандидаты, «Парасат», «Достық» орденінің иегері, «Түркі елдерінің өнерін дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін Алтын медалінің иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында Т. Жаманқұловтың қазақ театр және кино өнерінде жасаған бейнелері, театр өнерінің дамуына қосқан сүбелі үлесі, шәкірт тәрбиелеуде тың ізденістері, ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері туралы айтылды. Конференция қорытындысы бойынша конференция жинағына ғылыми-зерттеу жұмыстары, мақалалар жарияланды. Жарыққа шыққан жинақ жоғары оқу орындарының оқытушыларына, білім алушыларына, докторанттарына, магистранттарына, ғылыми қызметкерлерге және театр өнерінің дамуы мәселелеріне қызығушылық білдіретін барлық оқырмандарға арналады.

Т. Жаманқұлов тек театр өнерінде ғана емес сонымен қатар, кино саласына да сіңірген еңбегі орасан зор. Осыған орай, академия қабырғасында «Тұңғышбай әл-Тарази экран әлемінде» атты кино апталығы өтті. Апталықта Тұңғышбай Жаманқұловтың қатысуымен экрандалған «Қан мен тер», «Ақырғы аманат», «Отырардың күйреуі», «Сардар», «Адасқандар» сынды фильмдер студенттер назарына ұсынылды.

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75 жылдық мерейтойында «Тұңғышбай Жаманқұлов. Өнегелі өмір» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, студенттердің қатысуымен шығармашылық кешке ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия