ҚР Әділет министрлігінің «QAZPATENT» Ұлттық зияткерлік меншік институты өкілдерінің ВЕБИНАРЫ
2024 жылдың 1 наурызында 15.00-де ZOOM платформасында Ғылыми-редакциялық бөлімнің ұйымдастыруымен ҚР Әділет министрлігінің «QAZPATENT» Ұлттық зияткерлік меншік институтының (бұдан кейін – “ҰЗМИ” РММ) мамандарының вебинары өткізілді.
Вебинарды Магай Мисон Николаевна “ҰЗМИ” РММ IPR (зияткерлік меншік құқықтары) орталығының маманы ашып? Баяндамашыларды таныстырды. Вебинарда “ҰЗМИ” РММ-нің авторлық құқық басқармасының басшысы Аввалова Раушан Давлетмурадовна«Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық» тақырыбына және Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Салкен Ляззат Канатовна «Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау» тақырыбына баяндамалар жасады.
Вебинарда«QAZPATENT» өкілдері зияткерлік меншік объектілеріне зияткерлік меншікті қорғауға қатысты даулы мәселелерді де қарастырды.
Вебинарға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.