ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” Республикалық мемлекеттік мекемесі мен Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті 2023 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, білім беру ісінің құрметті қызметкері, өнертану профессоры, ұлағатты ұстаз Дариға Тұранқұлқызының 75 жылдық мерейтойы мен ұстаздық-шығармашылық жолының 55 жылдығына арналған
«Қазіргі сахна тілі: дәстүр мен әлемдік тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Ғылыми іс-шарада отандық және шетелдік театртанушы ғалымдар, театр қайраткерлері және шығармашылық тұлғалар баяндамалар жасайды. Конференция жұмысына өнертанушы ғалымдар, магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.
Конференцияға төмендегі тақырыптар бойынша мақалалар қабылданады:
- І секция. Бүгінгі театр өнері мен сахна тілінің өзекті мәселелері.
- ІІ секция. Әлемдік кино үдерісі аясындағы кино және теледидарөнері.
- ІІІ секция. Музыка және хореография өнерінің бүгінгі бағыт-бағдары.
- ІV секция. Әлемдік жаһандану үдерісіндегі қазіргі өнертанудың мәселелері.
- V секция. «Жаңа Қазақстан»: келешегі мен даму тенденциялары
Мақаланың жазу тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері.
Конференцияға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпанына дейін Sakhnatili@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.
Авторлардан баяндаманы рәсімдеу кезінде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұраймыз:
Баяндама мәтіні 5-10 бетке дейін Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген, шрифт Times New Roman, шрифт өлшемі 14, азат жол – 1,0 см; жоларалық интервал – 1,0
Ауданы: жоғары және төменгі – 2,00 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
Әдебиеттер тізімі: баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша құрастырылады. Сілтемелер төртбұрышты жақшада нөмер түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [6, с. 2].
Материалдарды рәсімдеу үлгісі
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ
(қалың қаріппен, жолдың ортасында)
Тегі, Аты, Әкесінің аты / жолдың ортасында курсивпен /
Ғылыми дәрежесі және атағы / жолдың ортасында, курсивпен /
Жұмыс орны немесе оқу орнының атауы, қаласы, елі / жолдың ортасында /
Байланыс үшін E-mail: / жолдың ортасында /
Аннотация /Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде/.
Кілт сөздер: /қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курсивпен /
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Конференцияның басына қарай тегін жинақ басып шығару жоспарлануда.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми немесе шығармашылық этика нормаларына немесе баяндамаларды ұсыну талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Конференция тақырыптарына және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға рұқсат етілмейді.
Бағдарлама тізіміне енгізілген барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.
- E-mail: Sakhnatili@mail.ru
- Тел.: 8 72 72 72 05 67.
- Мақала қабылдау жұмыстарына жауапты: Хожамбердиев Ордабек Хамзабекұлы, Phd-докторы, доцент.
- Тел.: +7 701 475 3379.
- Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті