Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамы (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған
«Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар»
тақырыбындағы дөңгелек үстелі

8 сәуірде ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 аясында Ғылыми-редакциялық бөлімнің (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамымен (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Шараның мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту.

      Офлайн және онлайн нысандарында өткен дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар жасалды:

  • 1) Назарбаев Университетінің зерттеушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бибарыс Айбатырұлы Сейтақ «Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер» тақырыбына;
  • 2) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Медиажурналистика» БББ 4-курс студенті Шаттык Сериккалиқызы Сәдуақас «Мәдени индустриядағы жасанды интеллект: трендтер мен этикалық аспектілер» тақырыбына;
  • 3) «Aaartist» компаниясының атқарушы директоры, мәдени менеджмент және өнер магистрі (Liestal/Швейцария), Экономика және бизнес университетінің PhD докторанты (Варшава, Польша) Alessya Jurt «Развитие предпринимательских компетенций людей Центральной Азии в условиях современного арт-бизнеса: Казахстан, Кыргызстан, Узбекистан» тақырыбына;
  • 4) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дыбыс техникасы және кинематография» кафедрасының оқытушысы Пшенаева Эльмира Болатханқызы мен «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 2-курс докторанты Кукетов Берік Алпысбайұлы «Одағай сөздердің өнерде алатын орны» тақырыбына;
  • 5) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының 2-курс студенті Құралай Бекмаханова «Актер өнеріндегі адам психологиясы» тақырыбына.  

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің, «Логопедия» БББ-ның 1-курс студенті Жайдары Шақиқызы «Инклюзивті өнер және дефектологиялық әл-ауқат: шығармашылықтың жеке дамуға әсері» тақырыбына баяндамасын интернет желісі ақаулықтарына байланысты жасай алмады. Алайда барлық баяндамалардың презентацияларын осы материалға қосымша ретінде төменде беріліп отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер және қоғам қайраткерлері қатысты.

  1. Бибарыс Сейтақ-Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер
  2. Шаттық Сәдуақас-artificial intelligence & machine learning
  3. Алеся Юрт_Развитие предпринимательских компетенций
  4. Жайдары Шакиқызы-Инклюзивті өнер дефектологиялық әл-ауқат шығармашылықтың жеке дамуға әсері_compressed
  5. 5-1.Берик Кукетов-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
  6. 5-2.Эльмира Пшенаева-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
  7. Бекмаханова Куралай-Адам психологиясы театр өнерінде_compressed_compressed