• 08.05.2024

«Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар»

Авторkaznai

Сәу 5, 2024

8 сәуірде 11.30-да (Астана уақыты) ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 аясында Ғылыми-редакциялық бөлімнің (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамымен (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтеді.
Мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту.

Баяндамашылар:

  • 1. «Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер» – Сейтақ Б.А., гум.ғыл.магистрі, зерттеуші, Назарбаев Университеті;
  • 2. “Мәдени индустриядағы жасанды интеллект: трендтер мен этикалық аспектілер” – Сәдуақас Ш.С., Медиажурналистика 4-курс студенті, тақырыбы
  • 3. “Развитие предпринимательских компетенций людей Центральной Азии в условиях современного арт-бизнеса: Казахстан, Кыргызстан, Узбекистан” – Alessya Jurt, «Aaartist» комп.атқ.директоры, мәдени менедж. және өнер магистрі (Liestal/Швейцария), Экономика және бизнес университетінің PhD докторанты (Варшава, Польша);
  • 4. “Инклюзивті өнер және дефектологиялық әл-ауқат: шығармашылықтың жеке дамуға әсері» – Шақиқызы Ж. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің, «Логопедия» ның 1-курс студенті;
  • 5. «Одағай сөздердің өнерде алатын орны» – Пшенаева Э.Б., бейн.өнері магистрі, «Дыбыс техникасы және кинематография» каф. оқыт., Кукетов Б.А., «Балетмейстерлік өнер» каф. 2-курс докторанты;
  • 6. «Актер өнеріндегі адам психологиясы» – Бекмаханова К., «Актер шеберлігі және режиссура» каф. 2-курс студенті.  

Ұйымдастырушы – Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Ғылыми редакциялық бөлім (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) және Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ).
Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер шақырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия