Қорғалмаған және бітіруші докторанттарды қорғауға шығу шарттарын талқылау жөніндегі кеңес
2024 жылы 08 қаңтарда академияның кинозалында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі офлайн және онлайн форматта кеңес өткізді, кеңесте қорғалмаған және бітіруші докторанттарды қорғауға шығудың негізгі мүмкіндіктерін көрсететін “Жол картасы” бекітілді.
Аталған білім алушыларды қорғауға шығу шарттары бойынша жоспармен ғылым жөніндегі проректор К.З. Халыков сөз сөйледі. Қатысушыларды жол картасының құрылымымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі А.А. Кульшанова таныстырды.
Жиынға қатысқан Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА декандары, кафедра меңгерушілері мен докторанттары өз сұрақтарын қойып, осы мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.