• 23.11.2024

ҚР-ның ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы конкурсының І кезеңі туралы семинар

Авторkaznai

Сен 21, 2022

Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы конкурсының(академияішілік) І кезеңін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Академия кинозалында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсының (академияішілік) І кезеңін  ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға бұған дейін өткізілген СҒЗЖ конкурстарының жеңімпаздары, Академия оқытушылыры мен студенттері қатысты.

Семинарда Академияның ғылым жұмысы жөніндегі Проректоры Халыков Қабыл Заманбекович студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысуы олардың болашақта магистратураға, докторантуға түсуіне тікелей жол ашатындығын айтып өтті, өйткені онда абитуриенттердің СҒЗЖ конкурстарында жеңімпаз болғаны ескеріледі.

СҒЗЖ конкурстарының жеңімпаздары: қазір оқытушы болып жұмыс істейтін Құрманбай Ұлжан, магистранттар Тұрмағанбет Жансая, Абдужаппар Мақпал, және 4-курс студенті Назарова Рана студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Ғылыми-редакциялық бөлім маманы, п.ғ.к. Садыкова Айгул Егинбаевна жиналған қауымға бұған дейін өткізілген СҒЗЖ конкурстарының SWOT-анализ нәтижелерімен таныстырды. СҒЗ жұмысын жазғанда ең жиі студенттердің жіберетін қателіктерімен таныстырды. Студенттердің жіберетін негізгі қателіктері: плагиат — жұмыстар 70-80% интернеттен көшірілген; ғылыми жаңалықтың жоқтығы, таңдалған тақырып конкурс  идеясына сәйкес келмейді және т.б.

Ғылыми-редакциялық бөлім басшысы Рамаданова Жанна Дидарбековна қауымды СҒЗЖ конкурсының талаптарымен таныстырды.

Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-редакциялық бөлімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия