• 29.06.2024

Қытай коммуникация университетінің өкілдерімен кездесу

Авторkaznai

Мау 24, 2024

Бүгін Академия ректоры Жудебаев Арман Әділханұлы  Қытай коммуникация университетінің (Communication University of China ) өкілдерімен кездесті.

Бұл кездесуде Академия мен Қытай коммуникация университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар негізгі мәселелер талқыланды.

Талқылаудың бірінші мәселесі – екі оқу орынның студенттері мен оқытушылары арасында академиялық алмасуды дамыту. Бұл алмасу екі ел  арасындағы білім беру мүмкіндіктері мен мәдени түсініктің көкжиегін кеңейтуде шешуші рөл атқарады.

Әрі қарай, оқутышылардың бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу  мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қоса, бірлескен фильм жобаларын әзірлеу тақырыбы да бей-жай қалмады. Бұл бірегей кинематографиялық туындылар жасау үшін екі елдің мәдени және техникалық ресурстарын біріктіруге бағытталған инновациялық идея. Мұндай жобалар мәдени алмасуға ғана емес, біздің елдеріміздің мәдениеті мен дәстүрлерінің бірегей аспектілеріне кең аудиторияның назарын аударуға ықпал етері анық.

Әрине, кездесу барысында халықаралық бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселесі кеңінен талқыланды.   Оның ішінде бірлескен зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен мәдени және киноиндустриялық жобалар, бірлескен технологиялық және инновациялық бастамалар.

Аталмыш тақырыптардың  халықаралық байланысты одан әрі дамыту және тереңдету үшін стратегиялық маңызы зор деп білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия