2025 жылғы 22 қазан күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының, Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының және «Қазақстандық философиялық конгресі» ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Көк байрақты құт мекенім!» атты атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін – қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.
Іс шараның бірінші бөлімінде Жоғарыда аталған ұйымдар басшыларының құттықтау сөздері тыңдалды.
Іс шараның екінші бөлімінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен Магистранттарының ұйымдастырған Мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.
Іс-шараға қатысқандар:
Алматы қаласы республикалық Достық үйі «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Алтекова Нурсауле Абдыкадыровна
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия Шарабековна
Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және құқық институтының» «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Саясаттану ғылымдарының докторы Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы
Алматы қаласының Этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысты. Іс-шараға жауапты: Алматы қаласы бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының Ғылыми Сараптамалық Тобы мүшесі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы










