23.10.2026 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушыларын марапаттау рәсімі, сондай-ақ Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасын философия докторы (PhD), доцент, «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі Исалиев Әлібек Теміржанұлы алды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры Сушков Дмитрий Валентиновичке Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының алғыс хаты табысталды.
«Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы Клименчук Наталья Алексеевнаға Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының алғыс хаты табысталды.
«Хореография педагогикасы» кафедрасының 2–4 курс студенттері салтанатты концертке қатысып, Е. Брусиловскийдің музыкасына «Шашу» би композициясын орындады.














