«Өнер саласындағы зияткерлік әлеуетті қалыптастыру»


2023 жылы 05 желтоқсанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «өнер саласындағы зияткерлік әлеуетті қалыптастыру» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.   

Семинар жұмысына Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындарының ғылым және өнер саласындағы жетекші мамандары қатысты:

1.Нуркушева Л.Т. — сәулет докторы, «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының» профессоры;

2.Наурызбаева А.Б. — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының» философия ғылымдарының докторы;

3.Кульбекова А.К. — педагогика ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық хореография академиясының» профессоры.

Мәдениет және өнер саласындағы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, тәжірибе алмасты және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.


    Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар шешім қабылдап, келесі ұсыныстар айтылды:

  1. Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша докторанттардың баяндамалары назарға алынсын, ҒЗЖ ғылым мен мәдениет саласындағы маңызды құрамдас бөлік болып саналсын;
  2. Нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдардағы докторанттар жарияланымдарының мазмұнды контентіне әсер ететін жобалық және жарияланымдық қызметте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы жандандырылсын;
  3. Зияткерлік өрісті кеңейту үшін Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындары өкілдерінің кенестері назарға алынсын;
  4. Тұжырымдамалық әдіснамалық принциптер анықталсын.

Конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын күшейту шеңберінде ғылыми және шығармашылық қызметті жандандыру қажеттігі туралы бірауыздан қорытындыға келді.