• 14.10.2024

СҒЗЖ конкурсының қорытындылары

Авторkaznai

Жел 9, 2021

2021–2022 жылғы СҒЗЖ конкурсының ЖОО ішіндегі кезеңінің қорытындылары

2021 жылдың 5 қазанынан 21 қарашасына дейін Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ҚР БҒМ 2021–2022 оқу жылының республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңін өткізді.

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2021 жылдың 30 қыркүйегінде ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы, өнертану кандидаты Д. Д. Уразымбетов студенттер мен ғылыми жетекшілерге жұмыстарды конкурсқа дайындау мәселелері бойынша вебинар өткізді.

04.10.2021 № 01/04-192П ректордың у. м. а бұйрығымен конкцрстың ЖОО ішіндегі кезеңін ұйымдастыруға, сондай-ақ студенттермен, ғылыми жетекшілермен және комиссия мүшелерімен жұмыс істеуге жауапты ұйымдастыру комитеті бекітілді.

2021 жылдың 23 қарашасында 04.10.2021 № 01/04-193П бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының академияішілік бірінші кезеңінің нәтижелері:

Хореографии факультеті

Хореография педагогикасы — 1

Кино және теледидар факультеті

Экрандық өнер режиссурасы — 3

Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер — 1

Музыкалық өнер факультеті

Эстрадалық оркестр аспаптары — 2

Дәстүрлі музыкалық өнер — 2

Театр өнері факультеті

Сахна пластикасы және дене шынықтыру — 2

Сценография — 8

Музыкалық театр — 1

Өнертану факультеті

Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы — 4

Кино тарихы мен теориясы — 6

Театр өнерінің тарихы мен теориясы — 3

Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті

Сәндік өнер — 2

Дизайн — 4

Арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасы 1

Академияішілік бірінші кезеңге: 40 жұмыс келіп түсті

Олардың ішінде екінші кезеңге өтті: 36 жұмыс

Плагиаттың анықталуына байланысты қабылданбаған жұмыстар: 4 жұмыс

Конкурс нәтижелері бойынша комиссияның қорытындысы. Конкурстық комиссия келіп түскен жұмыстардың көпшілігінің ғылыми аппаратты құрылымдау және ресімдеу, көздер тізімін ресімдеу талаптарына сәйкес еместігін атап өтті. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің назары студенттердің ойлау дербестігінің, өз пайымдауларының жетіспеушілігіне, соның салдарынан қорытындылардың нәтижесіздігіне аударылды.

Конкурсқа түскен барлық жұмыстар Strike Plagiarism бағдарламасында тексерілді. Комиссия анықтаған негізгі мәселелері жұмыстың ғылыми аппаратын жеткіліксіз қалыптастыру және құрылымдау болып табылады. Сонымен қатар, комиссия ғылыми жетекшілерге студенттерді сапалы дереккөздерді қажетті мөлшерде келтіре білуге және оларды МЕМСТ-қа немесе академияда қабылданған дәйексөз стилінің талаптарына (MLA стилі) сәйкес жасай білуге үйретуді ұсынды. Студенттердің жұмыстары арасында қазіргі заманғы қазақстандық өнердің, мәдениеттің және қоғамның дамуымен байланысты өзекті тақырыптар жарияланғаны да маңызды. Мұндай жұмыстар олардың кейінгі дамуында ғылымның әртүрлі салаларындағы жаңа зерттеулер үшін теориялық және практикалық маңыздылық әкелуі мүмкін.

Соған қарамастан, комиссия алдыңғы жылдары ЖОО өткізетін конкурстармен салыстырғанда студенттік жұмыстардың ғылыми деңгейінің жоғарылауын, сондай-ақ ЖОО ішіндегі бірінші кезеңге ұсынылған жұмыстар санының артуын атап өтті.

Приемная комиссия