Академия – дарынды балалар шоғырланған білім ордасы, нағыз бәсеке алаңы.

«Түркістан дауысы -2024» Республикалық әншілер байқауында Эстрадалық вокал кафедрасының 4 курс студенті Айдар Жазықпаев Гран-при иегері атанды!

Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз, дарынды шәкірт тәрбиелеп, қабілетін ұштаған ұстаздарымыздың еңбектерінің жемісі.

Академия ұжымы мен студенттері  Айдарды елеулі жеңісімен шын жүректен құттықтайды!