2026 жылғы 16 наурызда Сәндік өнер кафедрасының профессоры Сауле Бапанова мен аға оқытушы Керім Ерназаров О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттерімен кездесуге барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты – кәсіби бағдар беру, талапкерлерге жоғары оқу орнындағы білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат тарату болды.
Кездесу барысында кафедра өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу процесі, сондай-ақ студенттердің шығармашылық дамуына жасалған жағдайлар жөнінде баяндады. Сонымен қатар білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды. Осындай кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылатын кездесулер жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.










