• 05.11.2024

«Болашаққа қадам: Креативті индустрия және жасанды интеллект»

Авторkaznai

Фев 28, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 26 ақпан- 1 наурыз аралығында өткізетін «Ғылым апталығының» ашылуына байланысты  «Болашаққа қадам: Креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша  Алматы қаласының  ЖОО студенттерінің қатысуымен өткізілген ғылыми семинар.

      2024 жылғы 26 ақпан  күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кинозалында «Болашаққа қадам: Креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша  Алматы қаласының  ЖОО студенттерінің қатысуымен өткізілген ғылыми семинар өткізілді.

Іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының «Қоғамдік пәндер» секциясының ұймдастырды. 

        Іс-шараға жауаты: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы     

       Семинардың мақсаттарына  мыналар кіреді:

—     Қатысушылардың кәсіби өсуіне және тәжірибе алмасуына  ықпал жасау;

— Әлеуметтік-мәдени саладағы  креативті  және шығармашылық индустрияда  жаңа идеяларды, технологиялар мен тәсілдерді таныстыру үшін алаң құру;

— Студенттердің кәсіби салалары бойынша инновациялар мен шығармашылықты пайдалануға ынталандыру.

        Семинардың әрбір қатысушысы «Креативті индустрия және жасанды интеллект» шеңберінде Жасанды интелекттің сән өнеркәсіб саласныдада,  Шығармашылық индустриядағы жасанды интеллект жайлы, Жасанды интеллекттің қоғамдағы жұмыссыздыққа ықпалы жайлы, Медицина мен денсаулық сақтаудағы саласындағы жасанды интеллект туралы, Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жасанды интеллекттің рөлі туралы,  Фармакологиядағы жасанды интеллект: үлкен әлеует көзі туралы  Алматы қаласының  ЖОО студенттерінің кешенді ой тұжырымдарын тыңдалып, кәсіпкерлік саласындағы «Жасанды интеллект»  туралы студенттердің зерттеулері мен әзірлемелерінің негізгі бағыттарын қарауға және талқылауға мүмкіндік алды.

Іс шараға қатысқандар:

       Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов Қабыл Заманбекұлы

        Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия  Шарабековна

        Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының Профессорлық оқытушы құрамы қатысты.

        Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының,  Қазақ Ұлттық Хореография академиясының, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Алматы Менеджмент университетінің (AlmaU)   студенттері қатысып баяндама жасады.

      «Болашаққа қадам: Креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша  Алматы қ. ЖОО студенттерінің қатысуымен өткізілген ғылыми семинардың ашылуына байланыты Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов Қабыл Заманбекұлына семинарға қатысушы баяндамашыларға шығармашылық  шабыт беру  үшін  алғы сөз айтты.

      Баяндамашылар:

       Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Фэшн дизайн» мамандығы бойынша білім алатын  2 курс студенті Жұмағазы Еңлік

Баяндама тақырыбы: «Жасанды интелекттің сән өнеркәсібіне ықпалы»

Ғылыми жетекшісі:  Божбанбаев Бауыржан Муратбекович

      Қазақ Ұлттық Хореография академиясының «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша білім алатын  2 курс студенттері Советқалиева Аружан, Аманғазы Ләззат. Бұл студенттерТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында академиялық ұтқырлық (мобильность) бойынша оқитын студенттер.

Баяндама тақырыбы: «Искусственный интеллект в креативной индустрии»

Ғылыми жетекшісі:  Божбанбаев Бауыржан Муратбекович

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Әлеуметтану» мамандығының 2 курс магистранты Нұрланқызы Айнұр.

Баяндама тақырыбы: «Жасанды интеллекттің қоғамдағы жұмыссыздыққа ықпалы»

Ғылыми жетекшісі: Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна

       С.Ж. Асфендияров атындағы  Қазақ ұлттық медицина университетінің  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын  5 курс студенті  Сембиев Мухамедияр

Баяндама тақырыбы: «Медицина мен денсаулық сақтаудағы саласындағы жасанды интеллект туралы»

Ғылыми жетекшісі: Малик Галым Алауидинулы

       Алматы Менеджмент университетінің (AlmaU) Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша білім алатын   1 курс студенті  Гаппарова Аяжан

Баяндама тақырыбы: «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жасанды интеллекттің рөлі»

Ғылыми жетекшісі: Шинадалиева Менликул Бурхановна

       С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»  мамандығы бойынша білім алатын    2 курс студенті  Сыдық Ұлжан

Баяндама тақырыбы: «Фармакологиядағы жасанды интеллект: үлкен әлеует көзі»

Ғылыми жетекшісі: Турсынбаева Салтанат Жолдасбековна

        Алматы Менеджмент университетінің (AlmaU) «Халықаралық қатынастар және экономика» мамандығы бойынша білім алатын   1 курс студенттері  Асетова Диана, Камшибаева Дияра

Баяндама тақырыбы: «Искусственный интеллект в сфере предпринимательства».

Ғылыми жетекшісі:  Божбанбаев Бауыржан Муратбекович

       «Болашаққа қадам: Креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша  Алматы қ. ЖОО студенттерінің қатысуымен өткізілген ғылыми семинардың қорытынды бойынша, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия  Шарабековна семинардың жоғары деңгейде өткенін атап кетіп, баяндамашыларға алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия