Jabý
20.11.2020

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасының қоры белгілі сыншы Әлия Бөпежанованың кітаптармен толықты

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасының қоры белгілі сыншы Әлия Бөпежанованың кітаптармен толықты. Ә.Бөпежанова өзінің «Сахна саулесі», «Мұнара» және «Атырау облыстық драма театры», «Әйгілі адамдар» сериясы сынды кітаптарын тарту еткен.


Мәдениеттанушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистер Академиясының академигі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты Әлия Қаһарманқызының еңбектері оқырман қауым үшін пайдасы мол болары сөзсіз.


Айта өтейік, Ә.Бөпежанова мемлекеттік «Мәдени мұра» және «100 оқулық» бағдарламаларында Леви-Стросс, Д.Бидни, Ральф, Малиновскийлердің философиялық еңбектерін, Б.Боревтің кітабын; сондай-ақ бірнеше көркем және деректі фильмдерді қазақ тіліне аударған.


Келешегіміз – жастардың өрісінің кеңеюіне өзіндік ықпал етіп, білім ордасына кітаптарды сыйға тартқаны үшін Кітапхана ұжымы Әлия Бөпежановаға алғысын жеткізді.