• 23.02.2025

САХНАДА ШЫҢДАЛҒАН ШЕБЕРЛІК

Авторkaznai

Янв 16, 2025

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттердің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеретін заманауи білім беру әдістерін белсенді түрде енгізуде. Дуалды оқыту бағдарламасы – осы бастамалардың бірі, және ол өнер саласында жаңа белестерді бағындыруға көмектеседі.

Академияның Театр өнері факультетінде дуалды оқыту бағдарламасына барлығы 47 студент қатысуда. Бұл бағдарлама жас өнерпаздарға шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби мамандармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, биылғы оқу жылы 4-курс студенттері үшін ерекше маңызды. Олар өз білімін үлкен театр сахналарында, шеберханаларда және студияларда шыңдап жатыр.

Дуалды оқыту дегеніміз – тек теорияны меңгеру ғана емес, нақты шығармашылық ортада білім алу. Студенттер театрландырылған қойылымдарға қатысып, сахна артындағы процестерді меңгеріп, кәсіби мамандармен жұмыс істейді. Әр қойылым мен репетиция болашақ актерлер үшін баға жетпес тәжірибе мен шабыт көзі болып табылады. Бұл олардың өнер әлеміне сенімді қадам жасауының айқын айғағы.

Академия үшін дуалды оқыту – білім беру саласындағы жаңа стандарттарды қалыптастыру ғана емес, еліміздің мәдениетін байыту жолындағы маңызды қадам. Бағдарлама жас таланттардың шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, өнер саласының болашағын қалыптастыратын жаңа шеберлердің дамуына ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия