• 03.12.2024

«Сахналық пластика және дене тәрбиесі» кафедрасы

Авторkaznai

Дек 28, 2023

«Театр өнері» факультеті.
«Сахналық пластика және дене тәрбиесі» кафедрасы.
2023-2024 оқу жылы.

«Сахналық пластика және дене тәрбиесі» кафедрасы мәдениет және өнер саласындағы кадрлардың ғылыми-шығармашылық деңгейін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, өнер қайраткерлерінің бай тәжірибесі мен білім алушылардың батыл ниеттерін үйлестіруді мақсат етіп қояды.
Негізгі мақсаты пластикалық мәдениетте қажетті физикалық тірек-қозғалыс дағдыларын жетік меңгеру, білім алушылардың «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының оқу жұмыс бағдарламасына кіретін «Би», «Сахналық қозғалыс», «Сахналық ұрыс», «Акробатика» «Режиссура» және басқа пәндер бойынша психофизикалық қабілеттерін тәрбиелеу болып табылады. «Сахналық пластика» кафедрасы 1978 жылы Алматы театр-көркемдік институтында «Театр өнері» факультетінде ашылған. Кафедраның негізін қалаушы өнертану кандидаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Құлбаев Аман Бекенұлы болып табылады. 1978 жылы кафедраның ашылу сәтінде болашақ актерлерді төмендегі тәжірибелі кәсіби оқытушылар дайындады: Ж.Н. Капесов, Г. Ақылбекова, спорт шеберлері: А. Мастеран, А. Капельман, Т. Айткожанов, Б. Байжұманова, А. Кумаржанов және басқалар.

Қазіргі таңда кафедрада «Классикалық би негіздері», «Тарихи-тұрмыстық би негіздері», «Халықтық-сахналық би негіздері», «Қазіргі заманғы би негіздері», «Степ», «Contemporary», «Дене шынықтыру» «Дене шынықтыру  сахналық қозғалыс техникасы І, ІІ», «Сахналық ұрыс», «Семсерлесу», «Пантомима», «Дене шынықтыру  Акробатика», «Режиссура негіздері». пәндерін оқытатын жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді
2009 жылы кафедра алғаш рет «Режиссура » /Цирк режиссурасы/ 5В040600 білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды іріктеуді жүзеге асырды. Курстың жетекшісі доцент, PhD докторы, халықаралық цирк конкурстарының бірнеше дүркін лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Дәулет Қуманғалиұлы Досбатыров болды. Сондай-ақ оқытушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент К.М. Досбатыров, оқытушы Ф.Б. Досбатырова.

Ал 2021-2022 оқу жылында «Режиссура » /Цирк режиссурасы/ 5В040600 мамандығы бойынша екінші іріктеудің 6 студенті білімдерін сәтті аяқтап, диплом алды.
2012-2013 оқу жылынан бастап «Актерлік шеберлік» «Пластика өнері» 7М02192 білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды қабылдау жүзеге асырылады.
2019-2020 оқу жылында алғаш рет В027 «Театр өнері-Актерлік өнер» Физикалық театр әртісі/ білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатқа студенттер қабылдау жүзеге асырылды. 2023 жылдың көктемінде осы мамандықтағы 11 студент өз дипломдарын алды.
2023 жылы 6В02192 Актерлік өнер «Экшн-актер» мамандығына қабылдау жүзеге асырылды, бұл Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен кафедраның ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының білім беру процесінің жаңалығы болып табылады. Курстың жетекшісі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық байқаулар мен сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Nomad Stunts каскадерлер тобының негізін қалаушы және жетекшісі Жайдарбек Тұрсынғалиұлы Күнгуожинов. Бүгінгі таңда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бар: кандидаттар — 3/Құлбаев А.Б., Михайлова С.Н., Шанкибаева А.Б.), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері — 5 (А.Б. Құлбаев, Д.Қ. Досбатыров, Н.Ә. Бокыбаев, Р.А. Айтқожанова, Кунгужинов Ж.Т.) ЖАК-3 доценттері (Васицкий В.А., Михайлова С.Н., Шанкибаева А.Б.), ЖАК-1 профессорлары (Құлбаев А.Б.), PhD-1 докторы (Досбатыров Д.К.), профессорлар -4 (Шанкибаева А.Б., Михайлова С.Н., Васицкий В.А., Айткожанова Р.А.), доценттер-5 (Бахарова Г.Г., Дәулеткулова Г.А., Коваленко Г.В., Журавлев В.Н., Досбатыров Д.К.), аға оқытушы-3 (Қарлыбаев М.С., Унтаев Ж.К., Наурызбекова С.М.), оқытушылар-9 (Бөкібаев Н.А., Кунгужинов Ж.Т, Төлепберген Е.С., Сыдық Н.С., Новикова Н.В., Асылғазинов Е.Б., Досбатырова Ф.Б., Танбаева А.Ж., Ахан Ж.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия