• 06.12.2023

2023 жылдың 26 қараша күні “Театр өнері” факультеті, Актер шеберлігі және режиссура кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі Шахан Мусиннің 110 жылдығына арналған “Сахнаның сал серісі” атты дөңгелек үстел өкізілді. Бұл жиынға Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының белді актер, актрисалары және кафедраның профессорлары мен оқытушылары, студенттері, магистранттары докторанттары қатысты.  Театр актерлері сахнадағы серіктестері халық әртісі Шахан Мусиннің кино және театр сахнасында жасаған бейнелерін еске ала отырып, өмірі мен өнер жолында басынан кешкен қиындықтарын атап өтті. Сахнадағы серіктесі КСРО халық артисі Асанали Ашимов, Шахан Мусиннің сахнада жасаған еңбектері және оның өз рөліне деген көзқарасы жайлы қызықты деректермен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия