• 22.12.2024

«Сән және костюм дизайны» кафедрасының көрмесінің ашылуы туралы ақпарат

Авторkaznai

Ноя 21, 2023

2023 жылдың 20 қарашасында сағат 11.00-де Алматы қаласы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының көрме залында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Сән және костюм дизайны» кафедрасының есеп беру көрмесінің ашылуы болды.
Көрме профессор Жумагалиев Муслим Садыковичтің «ARLAN ZHETE» ұлттық костюмдер театрының қойылымымен ашылды.
Көрме 2023 жылдың 20 қарашадан 25 қарашаға дейін жалғасады.

Сіздердің назарларыңызға кафедрада «Фэшн-дизайн» және «Театр және кино костюмінің дизайны» траекториялары бойынша білім алушы әртүрлі курс студенттерінің оқу үдерісінде «Композиция негіздері», «Костюм қалыбының құрылу негіздері», «Костюм композициясы», «Шығармашылық сурет», «Арнайы сурет», «Жоба», «Материалда жұмыс орындау», «Жобаны материалда орындау», «Компьютерлік графика», «Костюмді 3D жобалау»  сынды бейіндік пәндердің жұмыс бағдарламаларына сәйкес орындалған көркемдік шығармашылық және дипломдық жұмыстары ұсынылады.
Сондай-ақ, бұл жерде сіздер студенттердің «Kazakhstan Fashion Week», «Open Way», «Krakow Fashion Week» және «Еurasian fashion week» cән конкурстарына қатысқан шығармашылық жұмыстарын да көре аласыздар. Сонымен қатар, көрмеде «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті Володева Наталья Александровнаның майда моншақтардан, кристалдардан, жартылай асыл тастардан жасалған дизайнерлік зергерлік бұйымдарымен, Clo3D бағдарламасында жасалған графикалық жұмыстарымен; доцент Бекибаева Гүлнар Джамбуловнаның автордың шығармашылық топтамасымен таныса аласыздар.

Біздің мекен жай:
Алматы қаласы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Панфилова к-сі, 127; Бөгенбай батыр көш. қиылысы
Тел./факс: (8-727) 261 15 72

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия