2026 жылғы 15 сәуірде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Science, Creative & Art Forum – 2026» атты VI қалалық студенттер форумы өтеді.
Форумның мақсаты – студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту, шығармашылық бастамаларын қолдау және кәсіпкерлік ойлау дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара аясында қатысушылар өз білімдерін, креативті идеяларын және жобаларын түрлі бағыттағы алаңдарда ұсына алады.
Форум бағдарламасында үш негізгі бағыт қарастырылған:
– IQ-сессия интеллектуалдық ойыны (Қазақстан тарихы, мәдениеті және логикалық сұрақтар);
– StartUp Generation алаңы (студенттердің стартап жобаларын таныстыру);
– Be The Best иммерсивті алаңы («One day…» тақырыбындағы шығармашылық таныстырылымдар).
Форумның жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.
Форум студенттердің ғылыми-зияткерлік белсенділігін арттыруға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және кәсіби дамуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ.







